«Әйелдерге тиіспейміз» – тек қана ер адамдарды алдап келген алаяқ ұсталды
«Әйелдерге тиіспейміз» – тек қана ер адамдарды алдап келген алаяқ ұсталды
108
оқылды

Олар карантинде жұмыс таппай жүрген азаматтарды алдап, ақша жинаған. Бұл туралы КТК хабарлады.

Қылмыстың барлығы тек телефон арқылы жасалған. Ұсталған күдікті азық-түлік тасымалдайтын мекеме директоры, ал сыбайласы дәрігердің рөлін ойнаған. Хабарландыру арқылы жұмыс іздеушілермен жалған басшы сөйлесіп, жұмысқа қабылдайды. Тек дәрігердің 086 формалы анықтамасын көрсетсе болғаны. Қатаң карантин уақытында медициналық бақылаудан өту мүмкін болмағаны белгілі. Осы кезде жалған дәрігер іске қосылады. Анықтамаға келісілген соманы аударым арқылы алған соң, директор мен дәрігер із-түзсіз жоғалып отырған. Полицейлер алданғандар қатары көп екеніне сенімді. Әзірге бұлардың 6 қылмысы дәлелденген. Өздері де алдағандарының санынан жаңылған.

«Он адаммен сөйлессек, соның бес-алтауы қармаққа түсіп отырды. Жалпы саны есімде жоқ. Алданғандардың бәрі ер адамдар. Арасында әйелдер болмады. Жоспармен сыбайласымызбен әуел бастан-ақ, әйелдерге тиіспейміз деп шешкенбіз», – деді күдікті полицияға түсініктеме берген түсініктемесінде.

Бұған дейін әйелдің киімін киіп, несие беретін ұйымның кеңсесін тонап кеткен ер адамның ұсталғанын жазған болатынбыз.