Ағза саудасына «сұраныс» жоғары
Ағза саудасына «сұраныс» жоғары
294
оқылды

Адам ағзасын саудалау тақырыбы халық арасында көп талқыланса да, қара нарықтағы айналым жайында ашық айтыла бермейді. Өйткені еліміздің заңына сәйкес, ағза саудасына қатаң тыйым салынған. Десек те, амалын тауып, заңды «аттап» өтіп жүргендер бар. Жалпы алғанда, бұл мәселе Қазақстанда ғана емес, күллі әлемде бар. Қайтпек керек?

Донор тапшылығы заңсыз әрекетке себеп пе?

Бұл тақырып 17 жастағы Ая­­­жан Еділованың өлімінен кейін тағы қозғала бастады. Өйткені кей­бірі күдіктінің бұл қылмысқа ағза саудасы үшін баруы мүмкін деген болжам жасап жатыр. Мұ­ның ақ-қарасын жауапты ор­­­­­­гандар анықтай жатар. Дегенмен жұрттың осы оқиғадан соң дүр­­лігіп, қорқып қалғаны рас. Ен­­­деше заң­ға қайшы қимылдың неге азаймай отырғанын талдап кө­­­релік. Айт­­қандай, ағзаны ашық­­тан-ашық саудалауға тыйым са­лын­ған. Са­тушының да, сатып алушы тарап­тың да мұндай қа­­­­дамға басын қатерге тіге отырып баруына не себеп болуы мүмкін? Біріншіден, бүгінде донор ағзасын алуға ке­­зекте тұрған адам өте көп. Яғни, заңға бағынып, тәртіпті азамат болғысы келсе де, өмірі қыл үс­­тінде тұрған ақшалы адам­ның тәуекел жасауы аса қиын шаруа емес. Трансплантологтерде бү­гінде материал өте тапшы. 24.kz сайтында жарияланған мате­риалда ел бойынша 3 500-ге жуық науқастың органдарды транс­­план­тациялау кезегінде тұрғаны ай­тылған. Соның ішінде бүйрек ауыстыруды қажет ететіндер ба­сым. Тіпті, бір ғана Қарағанды облысында 300-ден астам адам бүйрек донорын күтіп отыр. Де­­генмен соңғы 2 жылда бірде-бір науқасқа донор табылмапты. Осы­дан-ақ әлгі тәуекелдің сал­мағын бағамдай беріңіз. Әлбетте, материал жетіс­­пе­геніне ешкімді тікелей кінәлай ал­маймыз. Әрі заңсыз әрекеттерге баратындарды қолдап та отырған жоқпыз. Айтпағымыз елдегі ауыр ахуал хақында. Мамандармен тіл­­­­десе қалсаңыз, біздегі мәйіт до­норлығының дамымауымен бай­­­­ланыстырады. Яғни, көзі тірісінде азғасын беруге қарсы емес екенін жазып кететіндер қа­тары көбейсе, ағзаға мұқтаж қан­шама жанның өмірін сақтап қа­луға болар еді деген пікір айтады. Бұдан бөлек, біреудің ағзасының біреуге келуі оңай емес. Медицина ғылым­­­­­да­­­­­рының докторы, про­фессор Жақ­сылық Досқалиев ағзаны сауда­лауға қатысты жар­нама­­­­­лардың бос сөз екенін айтып отыр. «Бірін­­­шіден, заң бойынша ағза саудасына тыйым салынған. Екін­шіден, «ағ­­­замды сатамын» деген жарна­­­малар да негізсіз. Өйт­кені ең ал­­дымен донордыкі реципиентке сәйкес келуі керек. Яғни, кез кел­ген адам ағзасын сата алмайды. Үшіншіден, бұл процесті этикалық кеңес қада­ғалайды. Алдымен до­нордың генетикалық байланысы бар ма, жоқ па, сол анықталады. Егер туыс­қаны болмай шықса, рұқсат берілмейді. Бұл дегеніміз рұқсат болмаған жағдайда еш клиника операция жасауды мой­нына ал­майды деген сөз. Заң бойынша, ағзасын сататыны туралы жарнама жасауға да тыйым салынған. Мұн­­дай ақпараттарды шығара­тын­­­дардың әрекеті ақы­мақтық па, әлде білместік пе, бел­гісіз», – дейді трансплантолог. Донор болуға дайын екенін білдіргендер де, ағзаға мұқтаж та­рап та мұны құпияда ұстайды. Сон­­дықтан бұл саладағы алаяқтық жайлы нақты дерек жоқ. Осыдан алты жыл бұрын қазақстандық азамат қиын жағдайға тап болған­дықтан бүйрегін сатқаны туралы теледидар арқылы ашық мойын­даған еді. Бірақ операциядан кейін оған келісілген ақшасын бермей, ол аз болса, соққыға жы­ғып кеткен. Келісім бойынша оған 4 миллион теңге төлеу керек болған. Сөйтіп, бір бүйрекпен қалған азамат қарызға белшеден батып, кредиторлардан қашып жүргенін мәлімдеген еді. Тағы бір жігіт отандық шоу-бағдарлама қо­нағы болып келгенінде бүйрегін сатуға әзір екенін, жағдайы ауыр екенін тілге тиек еткен болатын.

Ағза саудасына қатысты ең шулы сот отырысы

Былтыр «Қара базардағы» ағза саудасына қатысты ең шулы әрі ең алғашқы сот процесі өтті. Қыл­мыстық іс қатысушылары болған Ғани Құттымұратов пен Абылай Донбай – белгілі хирургтер. 2019 жылдың жазында Құттымұратов ұсталады. Сөйтіп, тергеудің бір нұсқасында трансплантологтің органдарды заңсыз алуға және соларды сатумен айналысатын ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысы бар деп айтылған. Араға жарты жыл салып, тағы бір хирург ұсталды. Бұл іске Қырғызстан азаматы Бермет Тайсалованың да қатысы бар делінген. Тергеу аяқ­талған соң оқиға былай өрбіген деп ақпарат тарады: Қазақстан аумағында бүйрек трансплан­тациялау операциясы жасалған. Ағзаны Израильден шыққан дәу­летті шетелдік азаматтарға салған. Яғни, ағзаны шетелдіктен алып, шетелдікке салған деді. Сау бүйрек үшін донорларға 15 мың доллар берген. Ал реципиенттерден шық­қан шығын 150 мың доллар ша­масында болыпты. Тергеу жүріп жатқанда құқық қорғау органдары бұл істің анық-қанығы жайлы жақ ашпады. Сот та жабық режимде өтті. Бізге белгілі жайт сол – тран­­с­ұлттық қылмыстық ұйымға және ағзаны заңсыз алуға екі дәрі­гердің қатысы жоқ болып шық­ты. Шетелдік азаматтар арасында ағза ауыстыруға заң тыйым салмайды. Былайша айт­қанда, қазақстандық азаматтың ағзасын шетелдікке бермесе болды.

Заңсыздықты тоқтату мүмкін болмаса да, қалай азайтамыз?

Әлеуметтік желіде не жарнама сайттарында арагідік ағза сау­дасына қатысты хабар­­­­ландырулар жарық көріп тұрады. Дегенмен аноним хабарландыру беруші өзі жайлы ақпарат таратпайды. Әлгі хабарландыруға ауға түскен ба­лықтай елең еткендер өздері же­кеге шығып, әрмен қарай «ке­лісім» жасауы мүмкін. Кейде ба­ғасын жазып қоятындар да та­былады. Бір бүйректің бағасы 80-100 мың доллар деп көрсет­кендер бар. Шын мәнінде, мұндай қымбат бағаға келісуі екіталай. Орта есеппен 20-30 мың доллар шамасында сатылады-мыс. Ағза­сын сатқандарды тапқан күннің өзінде олар өздерін ашық жария­лауға рұқсат етпейді. Десек те, мұн­дай адамдар бар. Бағасын да жұрт содан біліп алған. Бұған дейін айт­қаны­мыздай, кезек күтіп отырмас үшін көп­шілігі тума-туысқа өтініш айтады. Мәселен, Аiqyn газетінің Қа­­­­рағанды об­­­лысындағы тілшісі Әдебиет Жұманұлы жақынына бір бүй­регін берген. «Екі жыл бұрын жиенім қатты ауырып, соған бір бүйрегімді бердім. Оның екі бүй­­регі де жұмыс істемей қалып, до­нор іздеген болатын. Мен «кө­рейін, егер дәлдік болып жатса, беремін» дедім. Сол 2018 жылдың 1 сәуірі күні бүйрегімді алып, жиенге салу операциясы жақсы өтті. Бізде донорға қандай да бол­сын көмек бар ма, жоқ па, біл­меймін. Екі жыл ішінде екі-үш рет толық тексерістен өттім. Бәрі де ақылы. Бір жыл бұрын мемле­кеттік емханаға барып, тексеруден өткен едім. Бір анализ нәтижесін төрт-бес күн күттім. Басқа да тек­серістер ұзақ уақыт алады. Ал же­­­­кеменшікке барсаңыз, бір күн­де дайын болады. Содан қазір жекеменшік ауруханаларға жүгі­немін. Шыны керек, донорларға көмек немесе басқа да жағдай жасала ма, ол жағын сұрас­тыр­маппын», – дейді донор. Туыстар арасынан сәйкес ке­летін, беруге даяр адам табыла қал­са, мәселе жоқ. Ал енді мүлдем амал қалмағанда, заңсыздыққа жол беру басталады. Заңгер Абзал Темірғалиұлының айтуынша, мұн­дай қатерге бас тігуге әлеу­мет­тік ахуалдың нашарлығы себеп бо­­ла­­ды. «Мемлекет қанша жерден тыйым салса да, ағза саудалау, есірт­кі және қару-жарақ саудасы сынды қылмыс жүріп жатыр. Ай­налымы да ірі. Тоқтамауының бір себебі – өте үлкен табыс әкеле­ті­­ніне байланысты. Әрине, санын азайтуға болады. Бірақ түбегейлі тамырын жою мүмкін емес. Мейлі қандай ауыр жаза шығарса да, ол – адами фактор. Мысалы, мынадай жағ­дайды елестетейік. Өмір бойы бар ойлағаны ақша, адамгер­­­­­ші­лік­тен ада кісілер бо­лады. Күн­­­­дер­дің күнінде сол адам­­­­­­ға азға қа­­­жет бо­­лып қалды делік. Мұн­­­­­дайда қал­­­­­­­тасында пә­ленбай мил­­лион ақ­ша­­сы бар адам не істейді? Әрине, жа­­­нын сақтап қалуға тырысады. Ақ­­­­­­шасын ая­майды. Сөйтіп, 100 мың теңге айлыққа күнін әрең көріп жүрген дәрігер 100 мың дол­­ларды бір күнде та­батын мүмкіндік туса, басындағы біраз мәселесін шешіп алатын еді. Амалсыз, сол қыл­мысқа баруы мүмкін. Халық­тың әл-ауқаты кө­терілгенде ғана қыл­мыстың кез келген түрін азай­­ту­ға сеп болады. Әлеуметтік жағ­дай­дың төмен болуы қылмысты өр­­­­­­­ші­те түседі. Да­­­мыған елдермен салыстырсаңыз, ондағы қылмыс деңгейі әлдеқайда аз», – дейді заң­­­­гер. Осы тақырыпты қазбалай ке­ле, интернеттен бүйрек донор­ла­рын табуға көмектесетін сайтты кө­зіміз шалып қалды. Жарнамасы да жер жарып тұр: «Бүйрегіңізді сатып аламыз. Сыйақыны опе­рацияға дейін төлейміз» делінген. Коммер­­­циялық емес бастамашы топтың мақсаты – донор іздеп жүр­­­­­ген­­­­дердің басын біріктіру. Заң­­ды жол­­­мен жасаудың да ама­лын тапқан­­­дарын айтады. Ақшасы да қомақты. Әсіресе, әлеуметтік жағ­­дайы мәз емес болып жүр­­ген­дерді елең ет­­­кізеді. Тоқетері сол, тәуекел түбі – қыруар қара­жат­қа ғана тіреліп тұр. Таразының бір ба­­сында – өмір үшін күрес, екін­­­шісінде – қарызға бел­­­шеден бат­­қан адам. Заңсыз­дыққа қабақ түйіп қарайтын мем­­лекеттің ба­қылауы­нан қалайда білінбей сы­тылып шығып жүрген бұл екі та­­рап қана емес. Осы іске қа­ты­са­­­тын барлық адамның мүд­­­десі бір қаржыға ке­­ліп тоғысады. Со­­ған қа­­­рағанда, төмен жалақы мен жұ­­мыссыздық осын­дай ессіз­­­дікке жол бастайтын болғаны шығар?!

JadiraЖадыра АҚҚАЙЫР