Елімізге Германия, Мальдив Республикасы, БАӘ, Мысыр, Иран, Түркия, Украина, Ресей Федерациясы, Әзірбайжан, Өзбекстан және Қырғызстаннан 37 халықаралық әуе рейсі келді.
4 685 жолаушының ішінде ПТР тест анықтамасымен – 4 675 адам, анықтамасыз 10 адам келді. Оның ішінде, Алматыға – 17 рейс, 2 324 жолаушы, Нұр-Сұлтанға – 10 рейс, 1 293 жолаушы, Шымкентке – 9 рейс, 1009 жолаушы, Ақтауға 1 рейс, 59 жолаушы келген.
Анықтамасыз келгендер COVID-19-ға ПТР тест тапсырды.
Ал 31 наурызда Ташкент – Алматы әуерейсімен ПТР анықтамасыз ұшып келген Өзбекстан азаматы Алматы қаласының әуежайынан еліне кері қайтарылды.