Партия жанынан құрылатын қоғамдық кеңес өзекті мәселелердің шешілуіне әсер етуі керек - Жұлдыз Сүлеймен
Партия жанынан құрылатын қоғамдық кеңес өзекті мәселелердің шешілуіне әсер етуі керек - Жұлдыз Сүлеймен
136
оқылды
Баршамызға белгілі, Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан-ақ Елбасымыз, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев білім саласын дамытуға, қазақстандық жастардың интеллектуалды әлеуетін арттыруға көп күш салды, орасан зор жобалар жасады.  Соның арқасында Әлемнің ең үздік университеттерінде бакалаврға қазақстандық жастар именбей толық грантқа оқуға түсіп, ғылыммен айналысып, инновациялық компанияларда жұмысын жалғастыруда. Білім – қашан да қоғам дамуының айнасы, өркениет дамуының басты көрсеткіші. Пандемия білім беру және білімді түсіну тұрғысынан жаңа көзқараспен, жаңа әдіс-тәсілдермен қарау керектігін үйретті. Білім мазмұны білім сапасын қамтамасыз ету алғаш рет Партиямыздың Сайлауалды бағдарламасында егжей-тегжейлі көрініс тапты. Мысалы, Сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыруға арналған Жол Картасында көрініс тапқан 355 пунктің 52-сі білім мен ғылымды дамытуға арналуы мемлекетіміздің адам капиталын дамытуды негізгі ұстаным ретінде қарастыратындығының тағы да бір дәлелі деп білемін. Сайлаушылар осы пункттердің орындалуына үлкен сенім артады. Партия жанынан құрылатын Қоғамдық Кеңес халқымыздың көкейіндегі өзекті мәселелердің шешіміне әсер етуі керек деп ойлаймын. Осы орайда, біз өз кезегімізде партия хатшылары Арман Оразбайұлы, Әлібек Үсенұлы, Департамент директоры Талғат Жанатұлы білім және ғылымды дамыту жөніндегі Қоғамдық Кеңестің қызметі, оның жалпы қоғамдағы сұрақтардың зерделенетін ашық эксперттік алаң ретінде нәтиже беруін көп талқыладық. Жоспар құрдық. Биылғы сайлаудың қаншалықты күрделі, өзге сайлаулардан өзгеше болғандығын және алдағы сайлауларда халықтың көңіл-күйінің әлі де көп құбылуының себептерін емес, негізгі салдарларымен жұмыс жасаймыз десек, онда білім мен ғылымды дамытудың Қоғамдық Кеңесі билік пен халық арасындағы дәнекер болуына күш салатындығымызды атап өткім келеді. Жаңа сайланған депутат ретінде аталған мәселені жақсы түсінемін, халықтың бізден нәтиже күтіп отырғандығы баршамызға белгілі. Біз бүгін үздіксіз өзгеріп отырған күрмеуі көп күрделі кезеңде өмір сүрудеміз. Сәйкесінше, білім саласы да өмірге сай өзгеріп отыруды, жетіліп жаңаруды талап етеді. Қоғамдық кеңес жетекшісі ретінде сенім білдірген Елбасымыз, Nur Otan партиясының төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа үлкен рахметімді айтамын! Бұл мен үшін үлкен жауапкершілік. Еліміздің білімі мен ғылымын өркендетіп, дамытуда Қоғамдық Кеңестің нәтижелі жұмысына барынша еңбек етіп, халықтың, сайлаушылардың саладағы қордаланған мәселелерінің дұрыс шешілуіне дәнекер болуға атсалысамын!

Жұлдыз Сүйейменова,

Парламент Мәжілісінің депутаты