Ноутбуктердің ақшасын жымқырғандар
Ноутбуктердің ақшасын жымқырғандар
108
оқылды

Қазақстандағы бірнеше Білім басқармасының лауа­зымды тұлғаларының басы дауға қалды. Қазір Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет білім беру онлайн форматқа өтуіне байланысты компью­­­­терлер, планшеттер мен ноут­­буктер сатып алуға бө­лінген бюджет қаражатын жым­қыру дерегі бойынша қыл­­­­­­­мыстық істі тергеп жатыр.

«Еліміздің бес өңірінде Білім басқармасының лауазымды тұл­ғаларына қатысты 2020 жылы Үкі­­­­­меттің шұғыл шығындары есе­­бінен компьютерлер, план­­шеттер мен ноутбуктер сатып алуға бө­лінген қаражатты жым­­қыру дерегі бойынша алты қыл­­мыстық іс тергеліп жатыр», – деп хабарлады Сыбайлас жемқор­­­лыққа қарсы қызметтің аса маңыз­­ды істері жө­­ніндегі тер­­­­геушісі Данияр Би­ғайдаров. Оның айтуынша, қаражат бі­­лім беру онлайн форматқа кө­­шуіне байланысты, сондай-ақ мек­­теп оқушыларын, оның ішін­­­де аз қамтылған отбасыларды техникамен қамтамасыз ету үшін шұғыл қажеттіліктерге бөлінген. Антикор өкілі мәліметіне сүйен­сек, іс ішкі мемлекеттік аудит акті­лерін тексеру негізінде тір­келген. Соталды тергеу жүргізіліп жатыр. Бұған дейін Солтүстік Қазақстан облысы білім бөлі­мінің қызметкерлері кедей отба­сынан шыққан балаларға арнал­ған Үкімет резерві есебінен са­тып алынған ноутбуктерді ұр­лады деген күдікке ілінген еді. Қай өңірдегі басқармалар екені жайлы ақпарат алда белгілі болады.