Вагон үстіне шығып, мерт болды
Вагон үстіне шығып, мерт болды
121
оқылды

Жамбыл облысы Отар кентінде теміржолда тоқтап тұрған жүк тасымалдайтын вагон үстіне шығып кеткен екі жасөспірімнің бірі көз жұмды. 24 наурыз күні болған оқиғаның мән-жайына үңілсек, вагонның үстіне шыққан кезде баланың бірін тоқ ұрған.

Оған Гвардейский қалашығындағы госпитальде алғашқы көмек көрсетілген. Араға бір күн салып, денесінің 70 пайызын күйік шалған жасөспірім Қордай аудандық орталық ауруханасында қайтыс болды. Оқиға орнында болған екінші баланың  жағдайы қалыпты. Қазір оқыс оқиғаға қатысты  тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. – Қазір аман қалған бала Алматы қаласында ем алуда. Ал әлеуметтік желілер мен WhatsApp месенджерінде жаппай тарап жатқан видеоның Отар ауылындағы оқиғаға ешқандай қатысы жоқ. Сондай-ақ мынау қиын жағдайға тап болған отбасылар халықтан сол видеоны таратпауды сұрайды, – дейді Қордай аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Нұрболат Сатымқұлов.

Мадияр ТӨЛЕУ