Әйел адам қонақта болған кезде ұрлық жасаған
Әйел адам қонақта болған кезде ұрлық жасаған
290
оқылды

Елордалық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу кезінде ұрлық жасады деген күдікпен 47 жастағы елорда тұрғынын ұстады.

Тергеп-тексеру барысында күдікті танысына  қонаққа келген. Содан олар ішімдік ішкен. Артынан қайтарында күдікті «Хуавей» маркалы ұялы телефонын, екі әйелдің сағатын, парфюм және алтын сақинаны ұрлап әкеткен.
Нұр-Сұлтан қаласы ПД баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, әйел адам  жасаған іс-әрекетін мойындаған. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.  Оның елорда аумағында бұрын жасалған осы секілді қылмыстарға қатыстылығы анықталуда.