Түркияда бір тәулікте 40 мыңнан астам адам коронавирус жұқтырды
Түркияда бір тәулікте 40 мыңнан астам адам коронавирус жұқтырды
102
оқылды

Түркияда соңғы бір күнде 40 мыңнан астам адам коронавирус жұқтырып, елде антирекорд орнатты. Бұл туралы осы елдің Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Әсіресе, Стамбұл, Анкара мен Измир қалаларының тұрғындары көп шалдыққан. Денсаулық сақтау министрлігінің сөзінше, бұған елдегі мутацияға ұшыраған вирус себеп. Соның ішінде бірер ай бұрын тіркелген «британия» штамы 81 провинцияға тарап кеткен. Қазірде індеттің тез жұғатын түріне 180 мыңнан астам адам шалдығыпты. Бұл – елдегі ковид жұқтырған науқастардың 75%-ы.

Бұдан бөлек, Анадолыда Оңтүстік Африка, Бразилия мен Колифорния – Нью- Йорк штамы да жиі кездеседі. Қауіпті індетті жұқтырғандардың дені Стамбұлда орналасқан. Онда ақпан айынан бері жұқтыру дерегі 6 есеге, ал соңғы аптаның өзінде екі есе өсіпті. Дегенмен, Стамбұлдың санитарлық комитеті қауіп деңгейіне қарамастан бірнеше ай бойы жабық тұрған бассейндер мен спорт алаңдарын қайта ашты. Сонымен қатар интернет-кафелер, бильярд залдары мен хамамдардың жұмысына рұқсат берді.