Павлодар облысында адам қағып өлтіріп, қашып кеткен жүргізуші ұсталды
Павлодар облысында адам қағып өлтіріп, қашып кеткен жүргізуші ұсталды
110
оқылды

Бұл жайында Павлодар облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. Оқиға 28 наурыз күні кешкі 20.35 кезінде Омбы-Майқапшағай тасжолында болған.

Павлодарға бара жатқан тұсында беймәлім көлік 28 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Жәбірленушіге көмектеспестен көлік жүргізушісі оқиға орнынан ізін суытқан. Ал зардап шегуші ауруханада алған жарақатынан көз жұмды.

«Аталған факті негізінде ҚК 345-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды» дейді Павлодар облыстық Полиция департаменті бастығының орынбасары Жасқайрат Қайыров.

«Жол бойындағы кафелердегі, жанармай стансасындағы видеокамераларды қарап, күдіктінің ізіне түсуге тырыстық. Тәртіп сақшылары сол күні аталған тасжолмен жүріп өткен 300-ден астам көлікті тексеріп, жүргізушілерден жауап алды. Нәтижесінде, бір көліктің видеотіркегішіндегі жазбада адам қаққан көліктің маркасы мен нөмірі түсіп қалған. Сол арқылы бүкіл полиция бөлімшелеріне бағыттама жолданды» дейді Жасқайрат Қайыров.

Сөйтіп, көлікті Шоқин көшесіндегі бір ауладан табылды. Қазір күдікті ұсталып, тиісті тергеу жұмыстары жүріп жатыр.