Түркістан облысында жол апатынан 3 адам көз жұмды
Түркістан облысында жол апатынан 3 адам көз жұмды
5,126
оқылды
Түркістан облысында жол-көлік оқиғасынан үш адам көз жұмды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
3 сәуір сағат 20:30 шамасында Самара-Шымкент тас жолы бойында шымкенттік тұрғын өзінің “Tоyota Camry 50” маркалы көлігімен Түркістаннан Шымкент бағытына қарай келе жатып, жолдың сол жақ бетінен шыққан жылқыны қағып кеткен. Жол апаты  салдарынан үш адам оқиға орнында қайтыс болған.
Оның ішінде екеуі ерлі-зайыптылар және біреуі жасөспірім, яғни, немересі. Көліктің жүргізушісі алған дене жарақатынан Шымкент қалалық ауруханасының жансақтау бөліміне түскен. Ол қаза болған жұбайлардың күйеу баласы. Аталған жәйт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.