Атырау облыстық перинаталды орталықтың мәліметінше, екінші рет егіз бала босанған көпбалалы ана Мөлдір Мәжитованың жасы 36-да. Күйеуі Рашид Дайыров екеуінің 6 баласы бар.
«Ең үлкеніміз Нұрислам – 13 жаста, егізіміз Нұрсезім мен Гүлсезім – 11 жаста. Одан кейін Әділхан дүниеге келді. Биыл ол 1 жасқа толды. Екінші егіздердің есімін Көркемай мен Еркемай деп қойдық. Екеуінің салмағы – 2 400 және 2 600 грамм», – дейді Мөлдір Мәжитова.
Мөлдір Мәжитованың айтуынша, 11 жыл бұрын құрсағындағы шарана егіз екенін білгенде, аздап қобалжыған. Енді екінші рет егіз балалы болатыны туралы естігенде қатты қуанған.