Полицейлерден зардап шеккен тілшілерден генерал кешірім сұрады
Полицейлерден зардап шеккен тілшілерден генерал кешірім сұрады
185
оқылды

Шымкенттік полицейлер қызмет бабында жүрген тілшілерге күш қолданған. Осыған ашынған бір топ журналист қолына плакат алып, Полиция департаментінің алдына барды. Бұл туралы КТК хабарлады.

Телеарна тілшісі Бек Әбиевтің айтуынша, әріптесі Абдуллаевтың қолын қанатып, қолшатырын сындырды. Бұл көріп тұр. “Диляра Исаның телефонын тартып алмақ болды. Біздің араласуымызбен телефонын сақтап қалды. Бұл полицияға қолмен түртсең жаза бар. Сындырады. Журналистер де «қорғалған». Бірақ Шымкентте журналисті ұрған кезде заң жүрмейді”, – дейді. Тілшілердің ашуына кезекті түсірілім кезінде жасалған бірнеше шабуыл себеп болған. Жолды жаппақ болған тұрғындарды түсіру кезінде полицейлер  журналистің телефонын тартып алмақ болған. Денесімен көлегейлеп, түсіруге кедергі жасады. Тағы бір арнаның телеоператорын тұмсықтан ұрған. Тіпті бір тілшіге тәртіп сақшысы «сені өлтіремін» деп ашық қоқан-лоққы көрсеткен. Ашынған тілшілерге  Шымкент Полиция департаментінің басшысы өзі шықты. Генерал дөрекі қызметкерлері үшін кешірім сұрап, барлық жәйт жіті тексерілетінін жеткізді.

Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастығы Ералы Жұмаханбетов: «Егер біздің қызметкерлер кінәлі болса, кешірім сұрауға дайынмын. Кешіріңіздер. Заңды шешім қабылдаймыз. Тергеу жүргізіліп жатқан кезде өздеріңіз қатысасыздар. Жасырын болмайды, білесіздер, есік ашық. Қарсы емеспін, кез келген уақытта келіңіздер, көріңіздер, біз оны бастадық», – деді.

Бұған дейін де өрт оқиғасын түсіруге барған тілшілерге жұмыс істеуге кедергі келтірген полицейлер үшін Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастығы Ералы Жұмаханбетов кешірім сұрағанын жазған болатынбыз.