Осыдан 10 күн бұрын кәмелет жасына толмаған 3 тәрбиеленуші қыз іс-түзсіз жоғалып кеткен болатын. Олардың екеуі 27 наурызда Алматыдан табылған. Олар әлеуметтік желіде бейтаныс жігітпен танысып, Алматыға келген, – деп хабарлайды Almaty.tv.
«Іздестіру нәтижесінде, Темур мен Ділда көлік жуу орнынан табылды. Қазір Темурмен құқық қорғау органдары жұмыс істеп жатыр. Ал Ділдамен психологиялық түсіндіру жұмыстары жүргізілуде», – деді «Атамекен» балалар ауылы директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Гүлжан Тынымбайқызы.
Жергілікті Полиция департаментінің хабарлауынша, қыздың жағдайы жақсы. Қажетті құжаттары толтырылып, Қызылордадағы балалар үйіне жіберілді.
«Қызылорда облыстық Полиция департаменті Алматы қалалық полициясымен бірлесіп, 3 сәуірде Ділда Нұғманованы Алматыдан тапты. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», – деді Облыстық Полиция департаменті басқарма бастығының орынбасары Еркін Тұңғышбаев.