Алматы облысында Toyota жедел жәрдем көлігімен соқтығысты
Алматы облысында Toyota көлігінің жүргізушісі жедел жәрдем көлігіне соғылған. Бұл туралы облыстық Полиция департаменті хабарлады.
Жол-көлік оқиғасы 5 сәуірде сағат 22.30 шамасында Қарасай ауданындағы Алматы-Бішкек тасжолында болғанын хабарлады.
«Тоyоtа Corolla маркалы автокөлігінің 21 жастағы жүргізушісі Алматы-Бішкек автожолымен шығыс бағытта келе жатып, арақашықтықты сақтамай JAC SUNRAY автокөлігіне соқтығысқан. Салдарынан JAC SUNRAY автокөлігінің 21 жастағы жолаушысы жақын маңдағы Қаскелең ауруханасына жеткізілді», – деді полицейлер.
Оқиғаның мән-жайы тексеріліп жатыр.