Жамбыл облысында үйінен кетіп қалған екі жасөспірім он күннен бері табылмай жатыр
Жамбыл облысында үйінен кетіп қалған екі жасөспірім он күннен бері табылмай жатыр
111
оқылды

31 арнаның хабарлауынша, 15 пен 17 жастағы жасөспірімдер  бір-бірін ұнатады екен.

Анықталғандай, екі жеткіншек ата-аналарына бір-бірін ұнататынын  айтып, кездесуге рұқсат сұраған. Алайда үлкендер қарсы болған. Сөйтіп, екі ғашық қол ұстасып үйлерінен қашып кеткен.

Куәгерлер соңғы рет екі жеткіншекті қала шетіндегі аудандардың бірінен көргенін айтқан. Содан бері олардан хабар жоқ. Полиция қызметкерлері жасөспірімдердің ортақ таныстарынанда сұрастырды. Өкінішке қарай, құрдастары да олардың қайда екенін білмейді екен.  

Артынан іздеу жұмыстарына еріктілер де қосылды. Олар маңайдағы қараусыз қалған ғимараттар мен саяжайларды қарап шықты. Өйткені жастардың жиі баратын бірнеше ескі ғимараттары болыпты. Әзірге екі жасөспірімді іздеу жұмыстары ешқандай нәтиже бермей отыр.