Отандық тұрғын үй саласында жаңа рекорд
Отандық тұрғын үй саласында жаңа рекорд
108
оқылды

Жылжымайтын мүлік саласындағы операция көлемі өткен жылмен салыстырғанда ақшалай мәні 37,7%-ға өсіп, 2020 жылдың қаңтар-ақпанында 1,52 трлн теңгені құрап, нақты өсім 41%-дан асты. Бұл – осы уақытқа дейінгі ең жоғары көрсеткіш.

Делдалдық қызметтер 17%-ға қысқарды, дегенмен ағымдағы жылда тұрғын үй нарығындағы дүрбелең сектордағы бағаның өсу қозғаушысына айналуы мүмкін. Сектордағы қызметтердің жар­тысы жалға беру және өз ­ мүлігіңді басқару қызметіне тиесілі: 883,2 млрд теңге. Қосалқы жалға беру пен жалға алынған жылжымайтын мүлікті пайдалану қызметіне 313,6 млрд теңге тиесілі. Өндірістік емес жылжымайтын мүлікті сату-сатып алу және жалға беру кезінде көрсетілетін дел­далдық қызметтер тек 18,1 млрд теңге болды, өткен жылға қара­ғанда ақшалай 16,8%-ға төмен. Айтып өту керек, ағымдағы жыл­дың алғашқы екі айында сату-сатып алу келісімдері зейнетақы қорына үй сатып алу мүмкіндігінің арқасында 2020 жылдың қаңтар-ақпанына қарағанда 44,2%-ға өсті. Бұл 2021 жылы делдалдық қыз­меттің көлемін өсіруі мүмкін. Өндірістік-техникалық мақ­саттағы жылжымайтын мүлікті сату-сатып алу және жалға берудегі делдалдық қызметтер бірден 79,2%-ға қысқарып, 1,3 млрд теңге болған. Қазақстан өңірлерінің ішінде жылжымайтын мүлікке қатысты қызметтердің төрттен үші екі үлкен мегаполиске тиесілі – Нұр-Сұлтан (593,5 млрд теңге) және Алматы (536,4 млрд теңге). Сектордағы ең төмен көрсеткішті оңтүстік өңірлер көрсетті – Түркістан (5,5 млрд теңге), Қы­зылорда (6,3 млрд теңге) және Жамбыл (7,4 млрд теңге) об­лыстары.

А.ЕРСҰЛТАН