250 вакцина пункті ашылмақ
250 вакцина пункті ашылмақ
88
оқылды

9 сәуір күні Алматыға корона­вирус­қа қарсы вакцинаның 57 мың дозасы жеткізіледі.

«5 сәуір күні 4 764 алматылыққа коро­на­вирусқа қарсы екпе салынды. Жалпы, 1 ақпаннан бастап 44 315 тұрғын Спутник-V вакцинасының бірінші компонентін алды. Қазір емдеу мекеме­лерін­де 6 335 доза қалды. Вакцинация процесі жалғасуда. Вакцинаның 5-тран­шы 9 сәуірде келеді. 57 445 доза күтіп отырмыз» деп хабарлады Ал­маты қаласы Қоғамдық денсаулық сақ­тау басқармасы. Осы аралықта Нариман Табынбаев қалада коронавирусқа қарсы вакцинация бірнеше күнге шектелетінін айтқан.  Қа­зір қалада 56 вакцина пункті жұмыс істеп тұр. Бұдан бұрын қала әкімі шаһарға ай сайын 250 мың доза вакцина бөлінетінін мәлім­деген. Сондай-ақ сәуір айында мега­полисте 250 вакцина пункті ашы­лады. Дәлірек айтқанда, қала бойынша 70 емханада, 31 сауда орталығында, ірі мәде­ниет, білім беру мен спорт нысандарында екпе егу орындары ашылады. Мұндай орындарда 2 250 маман, яғни дәрігерлер мен басқа да қызметкерлер, тіркеушілер қыз­мет етеді. Оған қоса, резидент дәрігер­лер қатарынан 1 200 ерікті жұмыл­дырылады.

Айбике ЖАНАСЫЛ