Қызылордада таныстарын алдап, несие алдырған әйел ұсталды
Қызылордада таныстарын алдап, несие алдырған әйел ұсталды
167
оқылды

Қаланың үш тұрғыны алданып қалғанын айтып, полицияға арызданған. Бұл туралы Қызылорда облысы Полиция департаменті хабарлады.

Былтыр желтоқсан айында бір әйел үшеуін алдап, несие алдырған. Осылайша, күдікті жәбірленушілерге 2,5 миллион теңге шығын келтірген. «Жәбірленушілер одан ақшасын қайтаруды талап еткен. Дегенмен ол қаржыны қайтаруға ниет танытпаған. Жедел іздестіру нәтижесінде, Қызылорда қаласының 1987 жылғы тұрғыны қолға түсті. Ол өз кінәсін толықтай мойындады. Алаяқтың өзге де қылмыстарға қатыстылығы анықталып жатыр. Оған қатысты  Қылмыстық кодекстің 190-бабы 3-бөлігі 4-тармағы (бірнеше рет жасалған алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды», – деді полицейлер.