Петропавлда белгісіз ер адам бойжеткеннің тамағына пышақ тақап, зорламақ болған
Петропавлда белгісіз ер адам бойжеткеннің тамағына пышақ тақап, зорламақ болған
107
оқылды
Петропавлда екі күн бұрын 19 жастағы бойжеткенге үй подъезінде шабуыл жасаған ер адам бүгін ұсталды. Полиция департаментінің мәліметінше, 5 ақпан күні сағат 20.00 шамасында Петропавлдағы көпқабатты үйлердің бірінің подъезінде 19 жастағы бойжеткенге белгісіз ер адам шабуыл жасаған. Ол қыздың тамағына пышақ тақап, зорламақ болған. Айғайды естіген көршілері бойжеткенді құтқарып қалған, ал ер адам қашып кеткен. 7 сәуір сағат 18.15 шамасында Петропавл қалалық Полиция басқармасының қызметкерлері осы қылмысқа қатысы бар деген күдіктіні ұстады. Ол облыс орталығының 49 жастағы тұрғыны болып шықты. Бұған дейін бірнеше рет сотталған екен. «Қазіргі уақытта ұсталған ер адам Петропавл қалалық Полиция басқармасына жеткізілді. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Бұл іс толық, жан-жақты, барлық жағдайлар ескеріле отыра объективті тергеледі, нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданады», – делінген хабарламада.