Бұл туралы еліміздің Ішкі істер министрлігі мәлімдеді. Карантинде психотропты затқа қызығатындар көбейген. Мамандар былтыр республика бойынша есірткі сататын 1200 сайтты бұғаттады. Бұл туралы otyrar.kz жазды.
Ішкі істер министрлігі былтыр психотропты затқа қатысты 861 деректі тіркеді. Биыл 3 айда 369 факті анықталып, 18 қылмыстық іс қозғалған. Оның ішінде, Шымкентте 19 және 22 жастағы екі жігіттің 90 жерге есірткі жасырып, саудалап жүргені анықталды.
ІІМ өкілі Берікхан Нұрғалиев: «Шымкентте екі жігіт қаланың әр жеріне есірткіні жасырып, белгі қалдырып, саудалап жүрген. Осылайша, олар 90 жерге психотропты затты жасырған. Қылмыстық іс қозғалды. Олар 3 жылдан 6 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін», – деді.