Оқиғаның мән-жайын Павлодар қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының мамандары анықтап жатыр.
Рavlodarnews.kz-тің жазуынша, Павлодар – Ленин кенті тас жолында №38 МАЗ маркалы автобусы өртенген.
«Жолаушылар автобусы № 1 автобус паркіне тиесілі. Жалын 15 шаршы метр аумақты шарпыған. Өрт туралы хабарлама сағат 08.49-да түскен, өрт сағат 09.07-де сөндірілді, – дейді мамандар.
Астобустағы 40 адам өздігінен сыртқа шыққан. Зардап шеккендер жоқ.
Өртті 9 адам екі техникамен сөндірді.