Алматының Медеу ауданы жарықсыз қалды
Алматының Медеу ауданы жарықсыз қалды
140
оқылды

Қала тұрғындары әлеуметтік желіде Медеу ауданында орналасқан үйлер, «Нұрлы Тау» бизнес орталығы мен басқа да кеңселерде жарықтың сөніп қалғанын жазып жатыр.

Алматы қаласының Энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасы қосалқы станцияның бірінде апат болғанын хабарлады.

«Қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Абоненттердің бір бөлігіне жарық берілді. Сағат 12-ге дейін жағдай толық қалпына келеді», – деп хабарлады басқарма өкілі.