Елордада тұрғын үй кешендерінің бірінен өрт шықты
Елордада тұрғын үй кешендерінің бірінен өрт шықты
173
оқылды
Өрт сөндірушілер елорданың тұрғын үй кешендерінің бірінде өртті сөндірді. Бұл туралы Нұр-сұлтан қаласы ТЖД баспасөз қызметі хабарлады. Ағымдағы жылдың 8 сәуірінде сағат 17.50-де Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД Өрт сөндіру бөлімшелері келіп түскен хабарламаға Есіл ауданы, Сығанақ көшесі, 5/1 мекенжайы бойынша 3 бірлік техника мен жеке құрамның 13 адамы құрамында шықты. ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, өрт орнына 17 сағат 56 минутта жеткен кезде он алты қабатты тұрғын үйдің кіре берісін қою түтін алып кеткені анықталған. Өрт сөндірушілер дереу өртті сөндіруге кірісті. 11-қабаттағы пәтердің біреуінде 23 шаршы метр аумақта үй заттары, жатын бөлменің жиһаздары мен балконы, сондай-ақ 10 шаршы метрде сыртқы жағы өртеніп кеткен. Өрт салдарынан 47 адам эвакуацияланды. Өрт сағат 18.25-те ауыздықталып, сағат 18.37-де сөндірілді.