Алып зауыт ауаны ластады
Алып зауыт ауаны ластады
108
оқылды

Тұңғыш инвестор «Теңізшевройл» компаниясының қадасын қаққан Теңіз кенішінен мұнай алынғанына 6 сәуірде 30 жыл болды. Ал кеше Теңіз кенішіндегі зауыттың құбырынан ақ-сары түтін шығып, ауаға тарады.

Әлеуметтік желі мен мессенджерлерде Теңіз кенішіндегі құбырдан ақ-сары түтін шығып жатқаны туралы видео мен фото таралып жатыр. Анықталғандай,  7 сәуір сағат 15.20-да КТЖ-2-нің 4-жолындағы С511 қондырғысының жұмысы автоматты бұғаттағыш іске қосылғандықтан тоқтап қалған. Салдарынан ластаушы заттар (сары түтін) мұржа арқылы қоршаған ортаға шығарылған. «Теңіз­шевройл» ЖШС автоматты бұғаттағыштың іске қосылу себебі анықталып жатыр. Атырау облысы бойынша Экология департаментімен жоғарыда көрсетілген фактілерге қатысты «Теңізшевройл» ЖШС-не жоспардан тыс тексеру тағайындау мәселесі қарастырылуда. Аймақтағы зауыттардың ауаға лас қалдықтарды шығаруынан зәрезеп болған жергілікті тұрғындар Үкімет тарапынан аймақ тұрғындарына өтемақы беру мәселесін шешуді сұрап отыр.

Тұрсын ЖҰМАБЕКҚЫЗЫ, Атырау облысы