Күрделі мәселелер шешімін тапты
Күрделі мәселелер шешімін тапты
241
оқылды

Шымкент қалалық «Nur Otan» партиясы филиалында Пар­тиялық бақылау комис­сия­сы мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Қоғамдық кеңе­сінің атқарған жұмысын қорытындылау бойынша жиын өтті. Алдымен сөз алған «Nur Otan» партиясы Шымкент қа­лалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Жанар Бектаева өңірде партия тара­пы­нан қозғау салынып, оң ше­шімін тапқан мәселелер жө­нінде баяндады.

Халық пен мемлекеттік билік арасындағы өзара байланысты нығайтудың маңызды екенін атап өткен Жанар Әлібекқызы жеке және заңды тұлғалардың өтініш­терін қарау және оны оңтайлы шешу үшін қоғамдық бақылауды күшейтудің ерекше рөл ойнай­тынын жеткізді. «Бүгінде қоғамдық қабылдауларға тұрмыстық жағдайы мен денсаулығына және білім, тұрғын үй, инфрақұрылым сынды салалар бойынша тиісті мекеме­лерден тұшымды жауап ала алмаған жандар жүгінеді. Осы орайда, «Nur Otan» партиясының халық үніне құлақ асуды бағыт еткен жемісті жұмысының арқасында азаматтар­дың қоғамдық қабылдауға деген сенімі айтарлықтай артты. Осы ар­қылы партияның саясаты нәтижелі жүзеге асып, «жағымсыз жаңа­лық­тар» дер кезінде бақылауға алынуда. Халық пен биліктің арасындағы алтын көпір болып, қоғам өмірінің айнасына айналған қоғамдық қа­былдаулар жай ғана қағаз жүзінде емес, нақты іс жүзінде тындырымды тірліктер атқаруда» деп атап өтті Ж.Бектаева. Жалпы 2020 жылы партия филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесіне 25 242 өтініш түскен. Оның 70-ке жуық пайызы оң шешімін тауып, қалғаны бо­йынша заңға сәйкес түсінік беріл­ген. Атап айтар болсақ, Birgemiz қоры арқылы қаржылай және азық-түлік себеттерімен 13 000-ға жуық азамат көмек алған. Тағы 3 000-дай адамға демеушілер есебінен әлеу­меттік, қаржылай, материалдық көмек көрсетілгені айтылды. Осы тұста мәселелері оңтайлы шешілген тұрғындар онлайн фор­матта көшбасшы партия мен жер­гілікті билікке алғысын білдірді. Қа­ратау ауданына қарасты «Таскен» ша­ғынауданының тұрғыны Гүлжамал Исаева жылдар бойы кедір-бұдыр жолдың шаршатқанын, жаңбырлы күні батпаққа батып, балалардың сабаққа баруы да қиындап қалғаны шешімін таппай келе жатқан мәселе болғанын ай­тып өтті. Одан бөлек, шағынаудан үшін электр жарығы да үлкен проблемаға айналған. Тұрғындар «Nur Otan» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Б.Байбекке Шымкентке келген сапарында осынау мәселелерді жеткізген, нә­тижесінде бүгінде аталған мәсе­лелердің толығымен шешілгенін айтып, алғысын білдірді. Сонымен қатар «Азат» шағынауданының тұрғыны Әлия Сабитова да пар­тияның ықпалымен аймақтағы ауызсу, жол, табиғи газ мәселесі шешілгенін қуанышпен жеткізді. Әсіресе, бір мезетте 5 қабатты жа­тақ­хананың өртке оранып, далада қалған Водопьянов көшесі №1 үй тұрғындарының айтар алғысы шек­сіз болды. Көшбасшы партия­ның тікелей араласуымен уақытша жа­тақханаға орналасып, кейін жаңа­дан үй салып берген билікке рақ­метін жаудырып жатты. Елбасы, «Nur Otan» партия­сының Төрағасы Н.Назарбаевтың мүмкіндігі шектеулі азаматтардың әлеуметтік жағдайын жақсарту туралы тапсырмасы «Кедергісіз ке­лешек» партиялық жобасы аясында қаладағы әлеуметтік нысандардың және жолаушылар тасымалдайтын қалаішілік автобустардың мүмкін­дігі шектеулі жандарға қолжетім­ділігін қамту бойынша қоғамдық көлік паркін жаңғырту, мүгедектерді тасымалдауға толығымен ыңғай­ластыру және мүмкіндігі шектеулі жандар баратын нысандарды бейім­деу жұмыстары жүргізілген. Жанар Әлібекқызы сөз соңында «Nur Otan» партиясы Шымкент қала­лық филиалы алдағы уақытта да қоғам­дық қабылдаулардың са­па­сы мен санын арттырып, қоғам игі­л­ігі үшін аянбай еңбек ететінін жеткізді. Ал «Nur Otan» партиясы Шым­кент қалалық филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Қоғамдық кеңесінің төра­ғасы Тасқынбай Бүрлібаев кеңес­тің 2020-2021 жылдары атқарған жұ­мысы бойынша, «Nur Otan» пар­тиясы Шымкент қалалық фи­лиалы жанындағы Пар­тиялық бақылау комис­сиясының тө­райымы Дария Қожамжарова ко­миссияның 2020-2021 жылдары атқарған жұмысы жайында баян­дама оқыды. «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалының төрағасы, қала әкімі Мұрат Әйтенов пар­тия­лық бақылау комиссиясының ат­қарған жұмысы көп екенін, бірақ мониторинг жұмыстарын әлі де кү­шейту қажет екенін айтып, қалалық партия филиалына бірқатар тап­сырма жүктеді. Жиынды қорытындылаған қала басшысы партияның алға қойған мақсаттарын сапалы әрі уақытылы орындалуын жүзеге асыруға күш жұмылдыру қажет екенін айтты.

Назгүл НАЗАРБЕК, Шымкент қаласы