Былтыр қазанда Сергей Воронцов мас күйде полицейлердің көлігіне соғылып, екі полицей қаза тапты. Кейіннен ол бірінші сот үкімін апелляцияға берді.
Бурабай аудандық сотының 2021 жылғы 3 наурыздағы үкімімен Сергей Воронцов көлікті ұрлап әкеткені және мас күйде екі полицейдің өмірін қиған жол-көлік оқиғасын жасағаны үшін сотталды.
Сот алқасы іс материалдарын зерттеп, Сергей Воронцовтың кінәсі куәгерлердің айғақтарымен, сараптама нәтижесімен толық дәлелденді деген қорытындыға келді.
«Апелляциялық сот инстанциясы зардап шеккендердің пікірін, жол-көлік оқиғасы салдарының ауырлығын ескеріп, орташа қауіпсіз қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде жазасын өтеу мерзімін 16 жылға дейін ұлғайтты. Ол, сондай-ақ, көлік құралдарын басқару құқығынан өмір бойына айырылды», – деп хабарлады соттың өкілі.