«Канелоға» қыркүйекте Головкинмен жұдырықтасуына тура келеді
«Канелоға» қыркүйекте Головкинмен жұдырықтасуына тура келеді
225
оқылды
Екінші орта салмақта WBA (Super) чемпионы британиялық Каллум Смиттің (27-0, 19 КО) бапкері Джо Галлахер Sky Sports басылымына берген сұхбатында мексикалық Сауль «Канело» Альварестің (53-1-2, 36 КО) келесі қарсыласты таңдауын сынады, – деп хабарлайды Vesti.kz. «Канео» қазір Мейвезердің істегенін қайталап отыр деп ашық айта аламыз – кіммен жұдырықтасқысы келсе, сонымен жекпе-жекке шығады, ал айналасындағылар оны бетінен қақпайды. Егер ол Муратаны таңдаса, Каллум абдырары сөзсіз. Билли Джо да. Бәрі өзінің сәтті жолдамасын күтті, ал ол Муратаға бұйырады. Мұны Мекскада да қошеметтей қояды деп ойламаймын. Лиам екеуміз сонда болдық, ал онда бәрі «Канелоның» Смитпен жұдырықтасқанын қалайды. Аризонадағы мексикалықтар да «Канело» – Смит жекпе-жегін қалайды. Дегенмен қыркүйекте оған бәрібір Каллум немесе Головкинмен жұдырықтасуға тура келеді», – дейді маман.