Қаулыға сәйкес, 12 сәуірден бастап бірқатар шектеу енгізу жоспарланып отыр.
Атап айтқанда, бұған дейінгі шектеуге қосымша:
– банкет залдары;
– театр, кинотеатрлар;
– облысаралық /қалааралық/ ауданаралық тұрақты емес (туристік) автобустар (микроавтобус) тасымал қозғалысы;
– облысаралық (қалааралық) ауданаралық тұрақты автобустар (микроавтобус) қозғалысы;
– спорттық шаралар, соның ішінде чемпионаттар, аудан, облыс және республикалық деңгейдегі жарыстар өткізуге;
– білім орталықтарынан басқа, спорттық, би, гимнастикалық және осыған ұқсас секциялар мен үйірмелер;
– мәдениет нысандары (мұражайлар, Мәдениет үйлері, концерт залдары және т.б.);
– құрылыс материалдары, ауылшаруашылық техникасы мен жабдықтарын сатумен айналысатын нысандардан басқа, аумағы 2000 шаршы метрден көп, азық-түлік сатпайтын (бөлек тұрған) дүкендер қызметіне тыйым салынады.