Демалыс күндері ауа райы қандай болады?
Демалыс күндері ауа райы қандай болады?
89
оқылды
Синоптиктер 10-12 сәуірге арналған ауа-райы болжамын ұсынды.  
"Жақын күндері батыстан шығысқа қарай жылы ауа-массасы ығысады, соған байланысты республикамыздың басым бөлігінде бұлттар сейіліп, ауа температурасының жоғарылауы күтіледі, бірақ Қазақстанның оңтүстік облыстарында фронтальды атмосфераның өтуіне байланысты тұрақсыз ауа-райы күтіледі, кей жерлерде жауын-шашын болады, жел соғады деп болжануда. Кей жерлерде тұман түсіп, желдің күшеюі күтіледі, оңтүстік-батыста шаңды дауыл болуы ықтимал",  деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.