ҰҚК қызметкерлерінің ғимаратты қоршауға алуына қатысты түсініктеме берді
ҰҚК қызметкерлерінің ғимаратты қоршауға алуына қатысты түсініктеме берді
203
оқылды

Маңғыстау облысында терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабтың күш-құрылымдарының қатысуымен оқу-жаттығулар өткізіледі, - деп хабарлады ҰҚК ресми сайтында.

Жекелеген мемлекеттік және әскери объектілерде имитациялық құралдарды пайдалана отырып, терроризмге қарсы қорғалудың жай-күйін тексеру бойынша оқу-жаттығулар кешені іске асырылуда.

Көлік құралдары мен жаяу жүргіншілердің қозғалысын шектеу бойынша шаралар қарастырылған.

ҰҚК Маңғыстау облысының тұрғындарына сабырлық танытуды, өткізілетін іс-шараларға түсіністікпен қарауды және қажет болған жағдайда құқық қорғау және күштік органдарға көмек көрсетулерін сұрайды.

 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от НОВОСТИ АКТАУ 911 | 18+ (@aktau.911)