ШҚО-да жоғалған екі жасар баланың мәйіті табылды
ШҚО-да жоғалған екі жасар баланың мәйіті табылды
178
оқылды

Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласында жоғалып кеткен баланың денесі табылды.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 2 жасар ұлының ойнап жүрген жерінен жоғалып кеткені жайында анасы полицияға хабарласқан. Арсенді жұма күні күндіз әдеттегідей аулаға ойнауға алып шыққан. Бірақ кейін оны таппай қалған.

Полицейлер оның аға-әпкелері, ауладағы көрші балалармен ойнап жүргенін анықтаған.
«Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін Өскеменнен Полиция департаментінің және Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері мен кинологтар көмекке келді. Полиция қызметкерлері бала өзеннің жанына келіп, құлап, суға түсіп кетуі мүмкін деген болжам жасаған. Бұған су жағасындағы іздер дәлел еді. Біраздан кейін сол маңнана, 1 шақырым жерден баланың мәйіті табылды», – деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мәдиев.