Нутрициолог маман жұмыртқаны ұзақ уақыт қайнатуға және қуыруға болмайтынын айтты
Нутрициолог маман жұмыртқаны ұзақ уақыт қайнатуға және қуыруға болмайтынын айтты
192
оқылды
Нутрициолог маманның айтуынша, жұмыртқа құрамында ақуыз бен лецитин болғандықтан, бұл өнім денсаулыққа өте пайдалы. Ресейдің ұлттық диетологтар қоғамының нутрициологы Ольга Деккер  әлеуметтік желідегі парақшасында жұмыртқа дайындаудың ең пайдалы тәсілі туралы жазды, – деп хабарлайды РИА Новости Маман жұмыртқаны ұзақ уақыт қайнатпауға және қуырмауға кеңес береді. Себебі бұл кезде  жұмыртқа ақуызы ағзаға нашар сіңеді. Сондықтан маман жұмыртқаны шала піскен немесе аз қуырылған күйінде тұтынуды ұсынды. Жұмыртқа құрамында ақуыз бен лецитин болғандықтан денсаулыққа өте пайдалы. Деккердің пікірінше, тауық, үйрек, бөдене және қаз жұмыртқасын пайдаланған тиімді.