Жалған неке куәлігін жасап, түрмедегі "күйеулерімен" кездеспек болған екі әйел ұсталды
Жалған неке куәлігін жасап, түрмедегі "күйеулерімен" кездеспек болған екі әйел ұсталды
178
оқылды
ШҚО-да ҚАЖ қызметкерлері неке қию туралы жалған куәлік жасап, сотталушылармен кездесуге тырысқан әйелдерді ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz. Қазақстанның басқа қаласынан келген екі әйел колония қызметкерлерін "күйеулерімен" ұзақ кездесуге бару үшін оларға жалған құжаттар беріп алдауға тырысты. Құжаттарды тексеру кезінде ҚАЖ қызметкерлері ұсынылатын неке туралы куәліктің түпнұсқасы екеніне күмәнданды. Олардың көзіне түскен бірінші нәрсе – екі куәлік мереке күндері берілген. Сондай-ақ құжаттарда қойылған қол бірдей болған, бірақ олар әртүрлі Әділет басқармасынан берілген.
 «Куәлік бланкілерінің ескіргені күмән тудырды. Сонымен қатар сотталғандардың жеке ісінде олардың жұбайы екенін растайтын құжаттар болған жоқ, – деді облыстық ҚАЖД бастығы Жанболат Қалетаев.
Әйелдер неке туралы куәлікті қайда алғанын түсіндіре алмады. Оқиға орнына полиция қызметкерлері шақырылды.
"Егер құжаттарды қолдан жасау фактісі расталса, онда қолданыстағы заңнамаға сәйкес әйелдер қылмыстық жауапкершілікке тартылады", – деп қорытындылады колония қызметкерлері.