Жиында федерацияның төрт жылда атқарған жұмысының есебі тыңдалды, – деп жазады 24.kz.
Біріккен күрес әлемінің президенті Ненад Лалович Токио Олимпиадасына спортшыларға 75 жолдама берілгенін айтты. Қазақстанның әлем чемпионаты мен құрлықтық іріктеу жарысын жоғары деңгейде өткеніне тоқталды.
Сондай-ақ жиында Азия біріккен күрес әлемінің президенті мен мүшелері сайланды. Жеті елдің мамандары бірауыздан Дәулет Тұрлыхановқа дауыс берді.
Даңқты балуан Дәулет Тұрлыханов төрт жылдан бері Азия біріккен күрес әлемін басқарып келеді.
«Сайлау конгресі – төрт жылда бір болып тұратын сайлау. Екінші рет сайлауға түсіп, жеңіске жетіп отырмын», – деді Дәулет Тұрлыханов.