Полицейге қыр көрсеткені үшін жазаланады
Полицейге қыр көрсеткені үшін жазаланады
121
оқылды

Түркістан облысында тәртіп сақшысын 30 метр қашықтыққа сүйреген жүргізушіге қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Түркістан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға Жетісай ауданында болған. Жергілікті полиция қызметкерлері көшелердің бірінде патруль кезінде терезесі қараңғыланған автокөлікті тоқтатқан. Құжат тексеру барысында патрульдік қызмет инспекторы, полиция майоры Ертау Саурамбаев автокөлік терезесін қараңғылау неліктен заңға қайшы екенін түсіндірмек болған. «Тәртіп сақшысы автомобиль иесінен көліктегі қараңғылайтын қабыршақты алып тастауды сұраған кезде жүргізуші талапқа бағынбай, жасырынбақ болған. Адам өміріне төнген қауіпке қарамастан, құқық бұзушы полиция қызметкерін автокөлікпен 30 метр қашықтыққа сүйрей жөнелген. Мұның барлығы патрульдік полицейдің бейнежетонына түсіп қалған», – деді департамент мамандары. Осылайша, полиция Қылмыстық кодекстің 380-бабы 1-бөлімі «Билік өкіліне қатысты күш қолдану» бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Бұл бап 3 000 АЕК (8,7 миллион теңге) көлемінде айыппұл төлеуді немесе үш жылға бас бостандығын шектеуді немесе дәл осы мерзімге бас бостандығынан айыруды қарастырады. Заңға қайшы әрекет жасаған азаматтың көлігі айып тұрағына қойылды. Істің мән-жайы анықталып жатыр.

А.ЖОЛДАС