Бас санитар дәрігердің жаңа қаулысы: қандай нысандар қайта ашылады?
Бас санитар дәрігердің жаңа қаулысы: қандай нысандар қайта ашылады?
279
оқылды

Қаулы бүгіннен бастап күшіне енді. Құжатта Ashyq пилоттық жобасын қолдану арқылы театрлар мен караокелер, банкет залдарының қайта жұмыс істеуіне рұқсат берілген.

«Республика аумағында Ashyq жобасына қатысушыларды кеңейту мақсатында мыналарды жобаға енгізуге рұқсат етілсін: – бірінші кезеңде 2021 жылғы 14 сәуірден бастап: кинотеатрлар; театрлар және филармониялар; банкет залдарын, асхана, фаст-фуд, стрит-фуд үлгісіндегі нысандарды қоспағанда қоғамдық тамақтану нысандары; ерікті қатысушылар; – екінші кезеңде 2021 жылғы 21 сәуірден бастап: облысаралық және қалааралық жүйелі месе (туристік) тасымалдар; бильярд клубтары; концерт залдары; – үшінші кезеңде 2021 жылғы 5 мамырдан бастап: 1) караоке; 2) жасыл аймақтағы банкет залдары (толтырылуы бір залда 50 адамға дейін, 1 келушіге кемінде 4 ш. метр)» делінген қаулыда.

Биыл 26 сәуірден бастап кәсіпкерлік нысандарға Ashyq пилоттық жобасын іске асыру аяқталады.