Үйінде пневматикалық пистолет тауып алған 12 жастағы оқушы үйінің ауласында атқан, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.
Павлодар облысы ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, Катаев көшесі, 44/5 үйдің ауласында атысқа ұқсас дыбыстарды естіген көршілер полиция шақырған.
– Біз 12 жастағы оқушының 29 жастағы ағасына тиесілі шкафтан пневматикалық тапанша тапқанын анықтадық. Содан кейін үйдің ауласында бос сыра бөтелкелерін жинап, оларды атуды бастаған. «МР-53м» маркалы тапанша пневматикалық қару болып табылады және еркін айналымда сатылады, - деді ПД бастығының міндетін атқарушы Жасқайрат Қайыров.
Кәмелетке толмаған баламен және оның ата-анасымен осындай фактілерге жол бермеу және қаруды балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау туралы профилактикалық әңгіме жүргізілген.