Бірыңғай байланыс орталығы 2021 жылдың басынан бері 700 мыңға жуық өтініш қабылдады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Қала тұрғындары денсаулық сақтау (емханаға тіркелу, екпе алу және т.б.), қоғамдық көлік (автобустар кестесі, көлік карталары және т.б.) және коронавирус мәселелері (симптомдары, жұқтыру кезіндегі іс-қимыл тәртібі және т.б.) жөнінде жиі жүгінеді екен.
iKOMEK109 құрылған сәттен бастап 5 миллионнан астам өтінішті өңдеді, оның ішінде 4,3 миллионы «бірінші қоңыраудан» шешілді. Бірыңғай байланыс орталығы бүгінде шұғыл емес сипаттағы қала тіршілігінің 2 500-ден астам проблемасын қамтиды.
Әрбір өтініш автоматты түрде тіркеліп, жауапты ұйымдардың атқаруына беріледі. iKOMEK қалалық орталығының мамандары өтініш толық атқарылғанша оның барысын бақылап отырады.
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Бірыңғай байланыс орталығына (iKomek 109) төменде көрсетілген ыңғайлы тәсілдер арқылы хабарласуға болады:
1) әкімдіктің ресми сайты www.astana.gov.kz;2) Telegram чат-боты: https:// t.me/nursultanikomek109_bot3) 109@ikomekastana.kz-ке электрондық өтініш жіберу;4) iKOMEK109 мобильді қосымшасы (AppStore/PlayMarket);5) Smart Astana мобильді қосымшасы (AppStore/PlayMarket);6) 1-0-9-ға қоңырау шалу (қалалық және мобильді телефоннан қоңырау шалу тегін).