Донор болуды шектемесе, ауру бала көбейеді – Бекболат Тілеухан
Донор болуды шектемесе, ауру бала көбейеді – Бекболат Тілеухан
348
оқылды

Өйткені елімізде бір ер адам экодонор болып, бірнеше баланың әкесі атана алады екен. Ал депутаттар сол ұл-қыздар бойжетіп, ержеткен соң, білместіктен бір-бірімен отбасын құрса, тексіздер көбейеді деп күйіп пісті, – деп хабарлайды КТК арнасы.

Мәжілісмендер Үкіметтен аталық және аналық ұрықтың жалғыз бір ғана базасын құруды сұрап отыр. Ал база құрылса, экодонорлықты бақылау тиімді болады. Заң бойынша 35 жасқа дейінгі ер адам анонимді түрде донор бола алады. Бастысы, дені сау, дене бітімі қалыпты дамыған, генетикалық сараптамасы жақсы болуы шарт. Сондай-ақ сауалнамада жүзі, руы, бойы, салмағы, мамандығы көрсетілуі тиіс. Ер адам өзінің ұрығын қанша рет тапсырса да өз еркі, еш шектеу жоқ. Депутаттар донор болудың шегін енгізу керек деп есептейді. Мәселен, ер адам бір рет қана донор болып, ал оның ұрығын екі әйелге ғана қолдану қажет. Сонда ған елде ауру балалардың да саны азаюы мүмкін.

Мәжіліс депутаты Бекболат Тілеухан: «Статистикаға сенсек, жыл сайын тек бір клиникада дәл осы жолмен 70 бала дүниеге келеді екен. Бұл – ертең еліміздің түкпір-түкпіріндегі қаншама отбасында бір әкеден қаншама бала тарайын деп отыр. Ертең ол бір-біріне үйленуі мүмкін. Басқа болуы мүмкін. Бажайлап айта берудің өзі мына сауалда ыңғайлы емес. Бір әкеден тараған жандардың бір-біріне үйленуінің алдын алу үшін, ауру балалардың санын азайту үшін – бұл мәселе өте маңызды», – деді.