Бұл туралы «Еңбек ресурстарын дамыту орталығының» президенті Дәулет Арғындықов айтты.
«Орталық зерттеу жасады. Ең алдымен, біліктілік деңгейін, қандай салада жұмыссыздар көбейетінін талдадық. Қатаң карантин енгізілсе, шамамен 8,7 млн. жұмыс күшінің ішінде 4,1 млн. адам жұмыс орындарында қалады. Олар: ТКШ, дәрігерлер, медицина қызметкерлері, өндірістік кәсіпорындар, ауыл шаруашылығы саласының жұмысшылары», – деді Дәулет Арғындықов.
Оның атап өтуінше, білім беру саласы, мемлекеттік органдар, кеңсе қызметкерлері қашықтан жұмыс істеуге көшуі мүмкін. Олардың саны шамамен 2,5 миллион адам болады.
«Тәуекел тобындағы 2 млн. адам болуы ықтимал. Бірақ, бұл эпидемиологиялық ахуалға байланысты болады. Атап айтқанда, қызмет көрсету, сауда, көлік саласын қамтиды. Біздің есебімізше, 165 мың адам жұмыссыз қалуы мүмкін. Яғни, жаппай карантин енгізілген жағдайда 165 мың адам жұмыссыз қалады», – деді Дәулет Арғындықов.