Кеше Ғашықтар күнінде Астанадағы «Нұр Әлем» павильонында екі жас үйленді. AstanaTV-ның хабарлауынша, жастар үйлену тойын, дәл 15 сәуір – Қошы-Көрпеш пен Баян-Сұлу күніне орай өткізбек болған.
Карантиндік шектеулерге байланысты бүгінгі күнге дейін бұл павильонда 9 жұп үйленіпті. Ұйымдастырушылардың айтуынша, алайда жастардың Ғашықтар күнінде үйленуі бірінші рет болып отыр. Бұйырса, болашақта бұл үрдіс дәстүрге айналар деп үміттенеді АХАЖ қызметкерлері.
– Шынын айтсам, бұрын мектепте оқып жүргенде не болмаса студенттік шақта мұндай мерекенің барын білмедік. Ол кезде негізінен Ғашықтар күні деп 14 ақпанды атайтынбыз. Қазір уақыт өте біздің мереке "15 сәуір – Қозы Көрпеш пен Баян сұлу күні" екенін түсіндік. Бірақ әлі де халықтың санасына әлі сіңе қоймады. Сондықтан бұл күнді жастар осылай атап жатса, жақсы ғой. Лайым, бүкіл халық болып ғашықтар 2-3 күн бұрын дайындалатындай үлкен мерекеге айналсын!» дейді волонтер, әлеуметтанушы Айдана Мақышева.