Шымкенттің бас дәрігері инфекциялық ауруханада не болып жатқанын көрсетті.
Шымкент денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бақытжан Позилов Instagram-дағы парақшасында видео жариялап, Асар шағынауданында орналасқан инфекциялық ауруханада не болып жатқанын баяндайды. Айтуынша, мұнда коронавирусқа шалдыққан науқастар жеткізіледі.
"Жан сақтау бөлімінде пациент көп, көбі 25, 30 және 40-тағы жастар. Қазір олардың жағдайы өте ауыр. Барлықтарыңызды коронавирусқа қарсы вакцина салдыруға шақырамын. Вакцина тегін салынады", - дейді ол.