Рамазан айында жамбылдық таксилер тұрғындарды тегін тасуда
Рамазан айында жамбылдық таксилер тұрғындарды тегін тасуда
161
оқылды

Қасиетті Рамазан айында Жамбыл облысы Сарысу ауданы Жаңатас қаласының бір топ такси жүргізушілері облыс орталығына халықты ақысыз тегін тасуда.

– Тұрақты жұмысымыз болмағандықтан Жаңатас пен Тараз қаласы арасында күнделікті адам тасып, нәпақамызды тауып келеміз. Жаңатастан облыс орталығына дейін шамамен 2500 теңге аламыз. Қасиетті Рамазан айында игі іс жасамақ мақсатта 7 такси жүргізуші бірігіп, жұма күндері адамдарды тегін тасуды бастадық. Жұма күні таңғы сағат 07.00-де Жаңатастан тұрғындарды Таразға әкелсек, түс қайта тағы адам жинап тегін алып кетеміз, – дейді такси жүргізушісі Руан Дүйсенбиев. Жаңатастық жүргізушілер енді бұл бастамаларын өзге аудандардың таксишыларына эстафета ретінде жолдамақ. Осылайша сарысулық жүргізушілер қасиетті Рамазан айында сауапты іс қылуда. Бұл қандай мақтауға да лайық.

Саятхан Сатылған, Жамбыл облысы