Алматыдағы тұрғын үй кешенінің тұрғындары Қайрат Нұртасқа шағым түсірді
Алматыдағы тұрғын үй кешенінің тұрғындары Қайрат Нұртасқа шағым түсірді
466
оқылды
Белгілі әнші Қайрат Нұртастың басы тағы дауға қалды.  Бұл жолы Алматының тұрғын үй кешеніндегі көлік тұрағында бөтен орындарға көлігін қойған әнші тұрғындардың ашуын туғызды. zakon.kz сайтына тұрғындар сурет жіберіп, бірнеше күннен бері өз орындарына көліктерін қоя алмай жүргендерін жазған. VIP номерлерге қарап, көршілер өз орындарында тұрған Қайрат Нуртас пен оның анасы Гүлзира Айдарбекованың көліктерін бірден таныған. Бұған дейін әлеуметтік желіде өнер иесінің Lexus LX 570 көлігін сатып алғаны талқыланған болатын.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Kairat Nurtas (@knnurtas)