Алматы облысында әйелдің суреті салынған кішкентай табыт табылды
Алматы облысында әйелдің суреті салынған кішкентай табыт табылды
411
оқылды
Бұл туралы мәлімет әлеуметтік желілерде пайда болды. Кейін табытқа суреті салынған әйелдің туыстары табылды. Өңірлік полиция департаменті бұл іс бойынша тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлады. В Instagram-дағы жазбада  Қаскелең тұрғындары "ВКонтакте", "Мен Алматы куәгерімін" әлеуметтік желісінен  табыт түсірілген видеоны тауып алғандарын айтады. Ағаштан жасалған кішкентай табыт видеоға түсірілген.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от КАСКЕЛЕН И КАРАСАЙСКИЙ РАЙОН (@kaskelenkz)

"Табыттың ішінде қуыршақ жатыр, қуыршақтың үстінде менің анамның суреті тұр.  Біз бұны жұртқа  жариялап, оны түсірген адамды тапқымыз келеді.  Біз бұндай жағдайға бірінші рет тап болып отырмыз, сондықтан қайда шағымданарымызды білмей отырмыз, сіздерден көмек сұраймыз. Бұл Қарасай ауданында түсірілген секілді", - делінген жазбада.
Оқырмандар бұны біреудің жасаған дұғасы деп түсінгендерін айтты. Алматы облысы полиция департменті 15 сәуірде Қарасай аудандық полиция басқармасына Қаскелеңнің 42 жастағы тұрғыны жазбаша шағыммен жүгінгенін хабарлады.
"Тексеру кезінде күдікті анықталды. Ол шағым түсірген әйелдің 51 жастағы танысы болып шықты.  Қазіргі уақытта ҚР ҚК 131 бабы "Қорлау" бойынша материал жинақталды. Процессуалдық шешім қабылдау үшін іс Қарасай аудандық сотына жолданады", -делінген полиция хабарламасында.