Қорғаныс министрлігіне қарасты Су-30 ұшағы Қарағанды облысының аумағында апатқа ұшырады, деп хабарлады sputnik.kz.
"Балқаш қаласындағы авиациялық оқу орталығында өтіп жатқан оқу-жаттығу кезінде СУ-30СМ көпфункционалды истребителі қону алаңына жақындап қалған сәтте апатқа ұшырады. Өзге жағдайлар анықталған соң, тиісті хабарлама жасайтын боламыз", – деді Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
Министрлік өкілдері экипаж мүшелерінің аман екенін атап өтті.