Облыс оқушылары қашықтан оқиды
Облыс оқушылары қашықтан оқиды
162
оқылды

Алматы облысының бас мемлекеттік санитар дәрігері Ерғали Сыдымановтың кейбір шектеу шараларын күшейту туралы жаңа қаулысы жа­­рияланды.

Аталған қаулы бойынша, мектеп оқушылары қашықтан оқыту форматына көшеді. «Меншiктiң барлық ны­­­са­нындағы орта бiлiм беру объек­тiлерiнiң оқушыларын дәстүрлі форматта оқытуды тоқтата тұру және оқытуды қашықтан (онлайн) режимге көшіру. Интернет бай­ланысы жұмыс істемейтін немесе үзіліспен жұмыс істейтін шалғай елді мекендерде сыныптарды 25 адамнан аспайтын жинақпен, маска тағу режимін және әлеу­меттік қа­шықтықты сақтай оты­рып, дәстүрлі форматта оқы­туға рұқсат етіледі», – деп жазылған қаулыда. Оған қоса, Алматы облысында республикалық олимпиадаларды өткізуге рұқсат берілді. Айте ке­терлігі, әр кабинетте 15 оқушыдан артық болмауы керек. Олар шах­маттық тәртіпте отырғызылып, маска тағу режимін және кемінде екі метр әлеуметтік қашықтықты сақтауы шарт. Сондай-ақ Ерғали Сыдыманов үй-жайларды ауаны залалсыздандыруға арналған құ­рал­дармен жабдықтауды ұсынды.

А.ЖОЛДАС