Ірі компаниялар жұмыртқа бағасын төмендетті
Ірі компаниялар жұмыртқа бағасын төмендетті
205
оқылды

Ақмола облысында үш ірі құс өсіруші компания тауық жұмыртқасы бағасын тө­мендетті. Бұл туралы Бәсекелестікті қор­ғау және дамыту агенттігі хабарлады.

Агенттік мәлімдегендей, «ҚАЗГЕР-ҚҰС» ЖШС, «Ижевский» ӨК, «АгроИнвест-2015» ЖШС тауық жұмыртқасының бағасын төмендеткен. «ҚАЗГЕР-ҚҰС» ЖШС бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің хабарламасын орындап, бірінші санаттағы он тауық жұмыртқасының бағасын 40 теңгеге төмендетті», – деп жазылған хабарламада. Бұған қоса «Ижевский» ӨК, «АгроИнвест-2015» ЖШС департамент хабарламасын орындап, Ақмола облысының шекарасында 1 санаттағы тауық жұ­мырт­қасын сату бағасын төмендетті. Айта кетерлігі, Шымкент және Ақмола облысында жұмыртқа өндірушілер бағаны 5 пайызға төмендетті. Тұтынушылардан баға жайында қарсылық түскесін Сауда министрлігі жұмыртқа бағасының неліктен өскенін түсіндірген-ді.

   А.ЖОЛДАС