Партия өзекті мәселелерді жіті қадағалайды
Партия өзекті мәселелерді жіті қадағалайды
230
оқылды

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновтің қатысуымен «Nur Otan» партиясы Нұр-Сұлтан қалалық филиалының Саяси кеңес бюросының отырысы өтті.

Эпидемиологиялық ахуалға бай­ланысты онлайн форматта өткен жиын­ның күн тәртібінде бастауыш пар­тия ұйымдарының есеп беру жина­лыстарын, өңірлік және аумақтық филиалдардың конференцияларын өткізу кестелері бекітілді. Филиалдың сайланбалы органдары (Саяси кеңес, Саяси кеңес бюросы, бақылау комис­сиялары) мен БПҰ төрағаларының өкілеттік мерзімінің аяқталуына бай­ла­нысты 19 сәуір мен 14 мамыр аралы­ғында партиялық жиындар өткізіледі. Қазір партия филиалының қата­рында 306 БПҰ, оның 37 мыңнан астам партия мүшесі бар. Сондай-ақ «Nur Otan» партиясы Нұр-Сұлтан қалалық филиалының 2021-2025 жылдарға ар­налған сайлауалды бағдарламасының бағыттары бойынша құрылған 11 қо­ғам­дық кеңестің төрағалары мен құра­мы бекітілді. Кеңес төрағасы депутаттар – мәслихаттағы партия фракциясының мүшесі, көшбасшылар. Филиал басшысы қоғамдық кеңес­терге партияның өңірлік сайлауалды бағдарламасының орындалуын бақы­лауды тапсырды. Оның ішінде қаланы дамытудың 13 негізгі басым бағыты кірді. Бағыттардың басым бөлігі қолже­тімді тұрғын үйлер, оқу орындар, меди­ци­налық орталықтар құрылысын жүр­гізу, газдандыру жұмыстарын жүргізу, шет аймақтарды дамыту, жол-инженер­лік инфрақұрылым, шағын және орта биз­несті қолдау және тағы басқалар. Жиында филиал төрағасы жиынға қатысқандарды қасиетті Рамазан айы­ның басталуымен құттықтады. Өңірлік қоғамдық кеңестердің төра­ғалары мен құрамын бекіту аясындағы отырыстар өзге аймақтарда да жалғасын тапты. Алматы облысының әкімі, «Nur Otan» партиясы Алматы облыстық филиалының төрағасы А.Баталовтың төрағалығымен облыстық Саяси кеңес бюросының отырысы өтті. Күн тәрті­біндегі партиялықтар бірнеше сұрақ бойынша бюро мүшелерінің дауыс беруімен құжаттар, кестелер бекітілді. Атап айтсақ, «Nur Otan» партиясы Алматы облыстық филиалының XХVIII есеп беру-сайлау конференциясын шақыру, күн тәртібін және делегаттарды сайлау жөніндегі квота, сонымен қатар біздің облыстық Сайлауалды бағдарл­а­ма­сының бағыттары бойынша аймақ­тық қоғамдық кеңестердің төрағаларын, құрамдарын және ережелерін бекітіп, алдағы мақсаттары анықталды. Назарларыңызға сала кетсек, пар­тияның Саяси кеңес бюросының шеші­мімен таратылған партиялық куратор­лар институтының орнына «Nur Otan»-ның сайлауалды бағдарлама­сы­ның нақты бағыттарының іске асыры­луын бақылау бойынша 14 республи­калық қоғамдық кеңес құрылды.

Кеңестің міндеті мен мақсаты айқын

Алматы облыстық партия филиалы төраға­сының бірінші орынбасары Гүлнәр Тойлыбаева өз сөзінде: «Кеңестің мін­деттері мен мақсаты – партияның Сайлауалды бағдарламасын сапалы іске асыру және әр бағытты уақытылы бақы­лау. Коғамдық кеңес­тердің ереже­леріне сәйкес, отырыс әр тоқсанда бір рет өткізіледі. Кеңестердің сапалық құрамында әйелдердің 30 % және 35 жасқа дейінгі жастардың 20 % құрамы ескерілді. Кеңес құрамына басқа ұлт өкілдері және партия жақтас­та­ры ен­гізілді. Жалпы, кеңестердің құрамы­на мәслихат депутаттары, кадр­лық резерв­те тұрған кандидаттар, үкі­меттік емес ұйымдар, қоғамдық бірлес­тік­тердің өкілдері енгізілді» деп атап өтті. Атап айтсақ, қоғамдық кеңес төра­ға­ларына келесі азаматтар бекітілді: өңір­лік даму бойынша – Руслан Қожасбаев, аграрлық сектор бойынша – Елдос Үшкемпіров, экономиканы дамыту және кәсіперлікті қолдау бойынша – Гүлмира Ахметова, отбасы, әйелдер және балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша – Серік Мұқанов, білім мен ғылымды дамыту бойынша – Гүлжан Ерубаева, ұлт денсаулығы мәселелері бойынша – Гүлнәр Құраметова, мәдениет пен өнерді дамыту Miras қоғамдық кеңесіне – Нүсіпбай Абдрахим, экология мәсе­лелері бойынша – Мұрат Аубакиров, жұмыспен қамтуды және халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау бо­йынша – Әсет Қыдырманов, жастарды қолдау бойынша – Әсел Төлепбер­генова, партияның бақылау комиссия­сы бойынша – Қуат Баймырзаев, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қи­мыл қоғамдық кеңесіне Римма Салыкова жетекшілік етеді. Соңғы қаралған сұрақ, ол облыстық және аудан-қалалық партия филиал­дарының Саяси кеңес бюро отырыста­ры­ның және бастауыш партия ұйым­да­ры­ның есеп беру-сайлау жиналыстарының, есеп беру-сайлау кон­фе­рен­цияларын өткізу кестесі бекітілді.

Қоғамдық кеңестің құрамы бекітілді

«Nur Otan» партиясы Алматы қала­лық филиалы Саяси кеңес бюросының отырысында да «Nur Otan» партиясы Алматы қалалық филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясы мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қи­мыл жөніндегі қоғамдық кеңестің жаңа басшылары мен құрамы бекітілді. Мә­селен, партиялық бақылау комиссиясы 11 адамнан тұрады, олардың қатарында Алматы қалалық мәслихатының де­путат­тары арасынан беделді және та­нымал нұротандықтар мен қоғам қайрат­керлері бар. Олар: саясаттанушы Марат Шибұтов, журналист Лев Тараков және тағы басқалар. Ал комис­сияны басқару құқығы депутат Әміржан Нәбиевке сеніп тапсырылды. Оның депутаттық корпус бойынша әріптесі, заң ғылымдарының докторы, профес­сор Зәуреш Өмірбаева Сыбайлас жем­қорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңесті басқарады, оның құрамында 13 алматылық нұротандық бар. Олардың ішінде Цифрландыру басқармасының басшысы Баян Қоңырбаев, Қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Ренат Бекбергенов, «Жаңару» сыбайлас жем­қорлыққа қарсы жалпыұлттық қозға­лы­сының Алматы қалалық филиалы­ның басшысы Қанат Өскенов және басқалар бар. «Nur Otan» партиясы Алматы қала­лық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мейіржан Отыншиев өз сөзінде барлық партиялық бастаманың орындалуына және Алматы аумағында мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылуына нақты бақылау жасау ке­регін айтты. Шымкентте «Nur Otan» партиясы жанындағы 10 қоғамдық кеңес партия­ның сайлауалды бағдарламаларының орындалу мониторингін қамтамасыз етеді. Бұл туралы «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалының төра­ғасы, қала әкімі Мұрат Әйтеновтің төрағалығымен өткен қалалық партия филиалының Саяси кеңесі бюросы отырысында мәлім болды. Елбасы, партия Лидері Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен әр өңір, қала және аудан үшін «Nur Otan»-ның 217 сайлауалды бағдарламасын іске асыру бойынша егжей-тегжейлі Жол карталары бекітіліп, оған жауапты де­путаттар мен орындаушылар белгілен­ген. Жылдарға және нақты іс-шараларға бөлінген 80 мыңнан астам индикаторға қол жеткізу көзделіп отыр. Ел Прези­денті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру аясында партия қоғамдық кеңестерінің жұмысы жүйелі түрде қайта құрылымданды. Саяси кеңес бюросының шешімімен таратылған партиялық кураторлар институтының орнына «Nur Otan»-ның сайлауалды бағдарламасының нақты бағыттарының іске асырылуын бақылау бойынша 13 республикалық қоғамдық кеңес құрылды. Осыған сәйкес, Шым­кентте қалалық партия филиалы жанынан аталған кеңестердің қалалық құрамы жасақталды. Олардың құра­мына партия депутаттары мен белсенді мүшелерінен бөлек, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, сарапшылар, жалпы қоғамдық пікір көшбасшылары және басқа да азаматтар кірді. Әрбір кеңес партия сайлауалды бағдарла­масының нақты бір бағытымен ай­налысады. Өзге де аймақтарда өткен отырыс барысында «Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру бағытындағы жұмыстар күшейтілетіні айтылды. Осыған байла­ныс­ты партия филиалы жанындағы қоғам­дық кеңестердің саны артып, құрамына өңірлерге беделді азаматтар енгізіледі.

Әбілмансұр ЖАСАН