Жас депутаттар корпусы құрылды
Жас депутаттар корпусы құрылды
655
оқылды

«Nur Otan» партиясының кезекті жиынында Жас депутат­тар корпусы құрылды. Жиында Жас депутаттар корпусының жетекшісі лауазымына жастар саясатында тәжірибесі мол, жастардың мәселелерін биік мін­берлерде, алқалы жиын­дарда көтеріп жүрген соңғы сайлаудың нәтижесі бойынша Парламент Мәжілісінің депутаты болған Елнұр Бейсенбаевтың кандидатурасы ұсынылды.

Партия мүшелері оның кан­дида­турасын бірауыздан қол­дады. Елнұр Бей­сенбаев Жас де­путаттар корпусының алдына қойған не­гізгі мақсатын айтты. – Қазақстандағы 14-29 жас ара­лы­ғындағы жастардың саны – 3,7 мил­лион. 35 жасқа дейінгі жастардың саны 6 миллионнан асады. Әр саяси фракцияның жа­нында жұмыс істеп жүрген жастар біледі, әр партияның жұмысы сайлау аяқталғаннан кейін ерте­сіне келесі сай­лауға дайын­дықпен басталады. Ол – менің сөзім емес, атақты сая­саткерлердің сөзі. 18 бен 35 жас аралығындағы дауыс беру құқына ие жастардың саны – 5,2 миллион. Дауыс берушілердің 42 пайызы жастар. Әр дауыс беруші азамат жастардың өкілі. Біздің партия – істің партиясы. Бас партия болу – жауап­кершілікті мойнымызға арта білу, ха­лықтың мәселесін дұрыс, оңтайлы шешу. Сол себепті жаспартиялықтардың ортақ мақсаты мен міндеттері аясында әр жас депутаттың жеке жауапкершілігі мен тиімділігін арттыру мақсатында құрылып отырған корпус, менің ойымша оңтайлы, дөп уақытында ше­шіл­ген шешім деп есептеймін, – деді ол. Жиында «Nur Otan» пар­тиясының хатшысы Әлібек Әл­деней партиядағы жастардың үлесін айтты. – Мәжілісте – 76, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында 2 701 мандатқа ие болдық. Оның 23%-ы – 35-ке толмаған жас де­путаттар. 2019 жылы мәслихат де­путаттарының арасындағы жас­тардың үлесі 7% болатын. Осы­лайша, «Nur Otan» партиясы еліміздің болашағы – жастарға ерекше көңіл бөлетінін тағы бір рет дә­лелдеп отыр. Партия бас­шылығы қой­ған талапқа сәйкес, «әлеуметтік саты» қағи­дасының арқасында 427 жас депутат (69%) былтыр өткен праймеризде ірік­теуден өтіп, депутат атанды. Бұл – «Nur Otan» партиясының қайта жаңғыру бағдарламасының сәтті жүзеге асқанының көрінісі. Праймериз елдің түкпір-түк­піріндегі талапты, белсенді жас­тарға жол ашты. Бұған қоса, бар­лық жас депутаттың 67%-ы – аудандық мәс­лихаттардың мүшесі екені қуантады. Жас депут­та­рымыздың 30%-ы – кәсі­п­керлер, 21%-ы – білім беру сала­сының, 12%-ы – денсаулық сақтау сала­сының өкілдері. Жас корпустың 32%-ы – әйел азаматтар. Пар­ламент Мәжілісіндегі алты де­путатты қосқанда, 600-ден аса депутат елдегі 6 миллионға жуық жастардың сенімді өкілі. Сон­дықтан біз Сіздерді тәуелсіз мем­лекетіміздің және қайта жаңарған «Nur Otan»-ның көшбасшы жас­тары, ертеңге деген сенімін арқа­лаған жаңа буын өкіл­дері деп санаймыз, – деді Әлі­бек Әлденей. «Nur Otan» партиясының хат­шысы Жас депутаттар кор­пусының алдында тұрған бірқатар міндетті атады. – Бірінші. «Nur Otan» пар­тиясының сайлауалды уәделерінің уақытылы әрі толықтай орын­далуын қадағалау барлық деңг­ейдегі депутаттарға жүктеліп отыр. Бұл жұмысты үйлестіру үшін респуб­ликалық, өңірлік және аудандық қо­ғамдық кеңестер құрылғанын біле­сіздер. Рес­публикалық және 216 өңірлік бағ­дарламаның орындалу бары­сын ба­қылау үшін осы қоғамдық кеңестердің жұ­мысына белсене араласу қажет. Бұл – сіздер үшін аға буын депутаттармен тәжірибе алмасудың үлкен мектебі болады. Партия жанындағы кеңестер – қоғамдағы өзекті, өткір мәсе­ле­лерді талқылайтын ашық алаң­қайға айналады, бұл – барлық саладағы тәжірибелі ма­мандарды, зиялы қауым өкілдерін, қо­ғамдық пікір қалыптастыруға ықпал ететін беделді тұлғалардың басын қосатын орта. Сіздердің арала­рыңызда бұрын депутат болмаған 480-нен аса жас бар екен (78%), жас корпустың бестен бірі (126 адам) – депутаттыққа қайта сай­ланған жастар. Сондықтан бір-біріңізден үйреніп, білім мен тәжірибе алмасып, ортақ мақсатқа жұмылып, жемісті еңбек ету үшін Жас депутаттар корпусы зор мүм­кіндіктер береді. Екінші. Былтыр 2025 жылға дейінгі «Жастар – Отанға!» бағ­дарламасы қа­былданып, оны тиімді жүзеге асыру үшін Рес­пуб­ликалық және 216 аймақтық Жол картасы әзірленді. Еліміздің жастарын мазалайтын өзекті мә­се­лелер осы кеңес­тің жұмысы ая­­сында қарас­ты­рылып, оң шеші­мін табуы қажет. Сондықтан Рес­публикалық жол картасындағы 46 және өңірлердегі 3 590 инди­катордың сапалы орындалуына бақылау жасау үшін өз ара­ла­рыңыздан жауапты депу­тат­тарды бекітіп, жүйелі түрде жұмыс жүргізу қа­жет. Үшінші. Елдегі 14 пен 29 ара­лы­ғындағы жас тұрғындардың 43%-ы (1,6 миллион) ауылдық жерде тұрады. Пре­зидент Қасым-Жомарт Кемелұлының баста­ма­сымен биыл 800-ге жуық елді мекенде әкімдердің тікелей сай­лауы өтеді. Бұған дейінгі экс­перименттік сайлауларды есепке алмағанда, бұл – ел аума­ғында бұрын-соңды болмаған нау­қан. Сіздердің араларыңызда 415 ау­дандық мәслихат депутаты бар, сіздер өздеріңіз депутаттыққа түскен ауданның мұң-мұқтажын, елдің көңіл ауанын жақсы біле­сіздер. Сондықтан алдағы сайлау науқанында партиялық үміт­кер­лерге барынша қолдау білдіріп, қажет жерде ақыл-кеңес беріп, бағыт-бағдар сілтеу қажет. Осы орайда «Jas Otan» ауыл әкімі болу­ға лайық үміткерлерді іріктеу­­­ге байланысты өз тарапынан ұсыныс дайындауы қажет. Сіздер де осы жұмысқа атсалысыңыздар. Төртінші. Осы аптадан бастап елі­міздің барлық аймақтарында Саяси кеңес­тердің құрамы қай­тадан жасақталып жатыр. Өзде­ріңіз білесіздер, партия бас­шылығы бекіткен квотаға сәйкес, Саяси кеңестердің бестен бірі (20%) 35-ке дейін­гі жастардан сайлануы тиіс. Бұл да бел­сенді, талапшыл жастарға берілген жақ­сы мүмкіндік. Бұған қоса, ел ау­ма­ғын­дағы 4,5 мың бастауыш партия ұйым­дарының басшылық құрамы жаңарады. Бастауыш партия ұйымдары – пар­тияның алтын діңгегі. Сон­дықтан бұл жұмысқа да белсенді түрде араласып, алдағы уақытта партияның мақсат-мүддесіне жұмыс істейтін, көзі ашық, көкірегі ояу азаматтардың сайлануына күш салу керек. Бесінші. Корпус жұмысы аясында тұрғын халықпен тығыз қарым-қатынас орнатып, әртүрлі санаттағы жастармен байланыс орнату маңызды. Оның ішінде әлеуметтік желі арқылы жұмыс істеуге, барынша ашық әрі халыққа жақын болуға ден қою қажет. Сіздердің әрқайсыңыз – партияның сенім мандатына ие болған жас саясаткерсіздер. Партияның халыққа жақын болу, тұрғындармен «кері бай­ланыс» орнату, қоғамдағы әртүрлі топтың үніне құлақ асып, елмен тығыз, қоян-қолтық жұмыс істеу қағидаларын бас­шылыққа алу керек. Бұл орайда сіздер үшін Орталық аппараттың саяси ме­недж­мент мектебінде қажетті семинарлар ұйымдастырамыз. Жас депутаттар кор­пусы заманауи ақпараттық тетіктердің мүмкіндіктерін пайдаланып, алдағы бес жылда талмай еңбек етіп, кәсіби, аза­маттық, тұлғалық тұрғыда өсулеріңізге жағдай жасайтын құрылым болмақ. Сондықтан бұл мүмкіндіктерді тиімді пайдаланып, тәуелсіз мемлекетіміздің болашағы үшін, партияның бұдан әрі өркендеуіне жұмыс істеу қажет. Осы атал­ған тапсырмаларды сапалы және нә­тижелі іске асыру үшін Жас депутаттар корпусына партия тарапынан барынша қолдау көрсетілетін болады, – деді «Nur Otan» партиясының хатшысы Әлібек Әлденей. Өз кезегінде «Jas Otan» Жастар қана­тының төрағасы Нұржан Жетпісбаев Жас депутаттар корпусының жастардың проб­лемаларын бірлесіп шешуде маңызы зор екенін айтты. – Партияның жастар қанаты сана­латын бізге, елдегі ең ірі жастар ұйы­мы ретінде барлық облыста, аудандар мен ауылдарда жастардың барлық топ­тарының мүддесін білдіру өте маңызды. Осыған орай біз жас депутаттардың өңірлерге жұмыс сапары кезінде олармен онлайн форматта жүздестік. Осындай кездесулер аясында «Nur Otan» пар­тиясының барлық жас депутатын бірік­тіру мәселесі белсенді түрде тал­қыланды. Енді бүгін біз «Nur Otan» партиясы жа­нынан Жас депутаттар корпусы құ­рыла­тынын жариялаймыз. Аталған орган жас депутаттардың жұмысын үйлестіруге мүм­кіндік беріп, жастарды қолдауға бар күш-жігерін жұмсамақ. Жаңадан құ­рылған корпус жастардың пробл­е­ма­ларын бірлесіп шешуге, оларды уәкі­летті органдарға жеткізуге және олардың мүд­делерін заң аясында қорғауға көмек­теседі, – деді Нұржан Жетпісбаев. Жиын соңында партия хатшысы Жас депутаттар корпусының құ­ры­луы­мен құттықтап, оның алдағы жұ­мысына сәттілік тіледі. – Елдегі алты миллион жас қазақ­стандық өздеріңізден өнеге алады, сон­дықтан елдегі ең ықпалды партияның депутаты деген атты абыроймен алып жүру керек, – деді Әлібек Әлденей.

Әбілмансұр ЖАСАН